Қазір ол елде наразылық қалай болып жатыр? Кінәлілер өз жазаларын алды ма? Моңғолияның үкіметі тарай ма?
Осы және өзге де сұрақтарға Моңғолияның қазағы Тілеген Төлеубайұлы жауап береді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
- Моңғолиядағы жағдай туралы бүкіл әлем, біз де естіп жатырмыз. Біздегі ақпарат бойынша көмірді ұрлағандардың кімдер екені айтылатын болды. Бұл қаншалықты рас?
- 3 желтоқсаннан бастап халық шеруге шықты. Шеруге шыққандардың басым бөлігі – жастар. Ол шеруге түрткі болған – 12,10 млрд доллар болатын көмірді ұрлады деген ақпарат. Қазірдің жағдайдың өзінде де интернетте бұл туралы ақпарат бермей отыр. Дегенмен заң бойынша бәрін жариялаймыз деп отыр. Бүгін де шеру болып жатыр, Заң министрі шеруге шығып, өзінің ақпаратын айтты. “Парламент бойынша бәрін жариялмаймыз” деген сияқты айтты. Парламентті тарату бойынша да ақпарат шығып жатыр. “Жариялаймыз” деді бірақ жариялайтын ештеңесі жоқ. Алдағы уақытта жариялайтын сияқты. Бұл іске парламенттегілердің, барлық министрлердің қатысы бар болып тұр ғой. Сондықтан ақпарат бермей тұр. Негізі Қытайдан көмірге қатысты адамдардың тізімін берген. Қытайда бұған қатысы бар адамдарды өлім жазасына кескен. Бізде қамалып жатқан әзірге ешкім жоқ.
- Наразылықтар аясында парламент пен үкіметті тарату туралы өзінің ниеті жоқ екенін жеткізді. Бұған Моңғолиялықтардың ойы қандай?
- Негізі қазір Моңғолияда қымбатшылық. Барлық нәрсе өте қымбат, сондықтан халық наразы. Премьер министрден бастап бүкіл парламентке наразы. Парламентке халық "сіздер тараңыздар" деп наразылық білдіріп отыр. Қазір халықтың жағдайы қиын, барлық нәрсе қымбат. Бізде бензин өте қымбат, жалпы көп нәрсе бізде қымбат. Қазір өте қиын болып тұр, сондықтан да маңғол ағайындарымыз шеруге шығып жатқан жайы бар.
- Наразылық білдіргендер тарады ма? Қазіргі ахуал қандай?
- Сәл аз болып тұр. Бірақ, атты шеру болды. Үкіметтен халыққа жақсы жауап келмей жатыр.
- Көтеріліске шыққандарды қамап тастау, қинау деген сияқты жайттар болып жатқан жоқ па?
- Ондай ештеңе болып жатқан жоқ, халық еркін түрде шеруге шығып жатыр. Заң басшысы “ешқандай күш қолдану болмайды, адамдар шеруге шығу керек. Ешқандай күш қолданылмайды” деген. Қазір ондай ештеңе болып жатқан жоқ.
- Көтерілісшілердің арасында қазақтар көп пе? Өзіңіз бұл көтеріліс шыққан бе едіңіз?
- Өзім шыққан жоқпын, жұмыстарыма байланысты шыға алмадым. Достарымыз, таныстарымыз шығып жатыр. Мұғалімдеріміз шығып жүр, жалпы еліміздің бәрі наразы болып тұр. Маңғолияда 3 миллион 300 мың адам бар. Бір адамға 125 миллионнан шығатын болып тұр. Бір адамға сондай ақша тарайтын болып тұр. Қазір Маңғолияда сондай жағдай орын алып жатыр.
- Маңғолиядағы БАҚ шеру туралы ашық айтып жатыр ма?
- Барлық телеарналар айтып жатыр, тек Моңғолияның ұлттық арнасы ғана шеру туралы айтып жатқан жоқ. Басқа ақпарат құралдары, телеарналар бұл туралы айтып жатыр.
- Бұл наразылық, шеру немен аяқталады деп ойлайсыз? Өз ойыңыз?
- Негізі бұған қатысы бар адам заң алдында жауап беруі керек. Қатысы бар адамдардың барлығының кім екендері айтылуы керек. Ақпарат құралдарына барлығына айтылу керек. Сондай-ақ, олардың барлық дүниесін тәркілеу керек. Халыққа тарату керек. Сол кезде халықтың ашуы да басылады деген ойдамын.. Бұл менің Моңғолияның азаматы ретіндегі ойым.