Моңғолияға барған К. Мәсімов қазақша мақалдап сөйледі

Моңғолияға іссапармен барған ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов тасқыннан зардап шеккен Баян-Өлгий халқымен кездесті. Бұл туралы Нұрбол Қанағат есімді әлеуметтік желі қолданушы өз парақшасына жазды, деп хабарлайды Caravan.kz

Желі қолданушысы салған бейнекөріністе Үкімет басшысы елден жиналған қаражаттың бүгін ертең жеткізілетінін қазақша жеткізген. Сондай-ақ Қазақстан тарапынан ұсынылған аталған көмектің зардап шеккен халықтың жағдайын қалпына келтіретініне үміттенетінін айтқан.

Мемлекеттік тілде шорқақтау сөйлейтін К Мәсімов мұнымен шектелмей «атасы бардың батасы бар», деп сондағы ақсақалдардың біріне шапан жабатынын айтты.

Бұған қоса премьер-министр апаттан зардап шеккен қазақтарға көмек көрсетіп отырған Моңғолия билігіне алғыс білдіруді де ұмытпады.