Монғолия президенті 2007-жылы елімізге ресми сапармен келеді

Қазақстан сыртқы істер ведомствосының басшысын Монғолия Президенті Намбарын Энхбаяр қабылдады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша дипломат Қазақстанның Монғолиямен көпбағытты ынтымақтастықты дамытуға әзір екенін білдірді. Атап айтқанда, Монғолия экономикасының негізгі салаларына, оның ішінде тау-кен өндірісіне, энергетика және банктік секторларына, мал шаруашылығына инвестициялар көлемін көбейту мәселесі талқыланды. Дағдарыс жағдайдан енді шығып, даму жолына түскен Монғол елінің экономикасына Қазақстанның барынша жәрдем көрсетуге қабілеті бар. Монғолия президенті Қазақстанмен әржақты ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, еліміздің инвестициялық жоспарларын қолдау жөнінде мәлімдеді. Н.Энхбаяр Елбасымыздың 2007 жылы Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын ризашылықпен қабылдады.

Сапар шеңберінде Қазақстан СІМ басшысының Монғолия премьер-министрі Миегомбын Энхболд және сыртқы істер министрі Нямаагийн Энхболдпен кездесулері өтті. Монғол үкіметінің басшысы қазақстандық инвестицияларды көбейтуге қызығушылық білдіре отырып, өз елінің бес экономикалық аймақтарын дамыту бағдарламасына ерекше назар аударды.

Монғолия сыртқы істер министрімен кездесу барысында БҰҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде екі жақты және көп жақты ынтымақтыстықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстандық министр Монғолия жағына елеміздің АӨСШК және Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі сияқты сыртқы саяси бастамаларына қолдау көрсеткені үшін шын ризашылығын білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті