Монғолия елшісі Жағыр Сухээ Қазақстанды теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдердің зерттеу орталығын құру жөніндегі көпжақты келісімге қосылуға шақырды.
«Монғолия мен Қазақстан теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер. Біз осы бағытта табысты байланыс жүргізудеміз», - деп ол бүгін Астанада Қазақстан президентіне сенім грамотасын тапсырғаннан кейін өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.