Монғолия өкілдерінің жетекшісі Баян Өлгийден Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр Автономиялық аймағына дейін 650 шақырымға созылатын жол құрылысына Қазақстанды тарту қажеттігін атап өтті.
"Бұл жолды тарту үшін 149 млн доллар қажет, оның 64 млн долларын Азия даму банкі бөлмек, ал қаржының жетпей қалған бөлігін осы жолды салудан мүдделі басқа елдерден тарту жоспарланып отыр..." - деді Ц. Бат-Энх.
Сонымен бірге Монғолия жағы Қазақстанмен арада тікелей әуе байланысын ашуға мүдделілік танытты. " Улан-Батор - Алматы, Астанаға дейін және одан әрі Стамбулға дейін ұшатын, сондай-ақ, Баян-Өлгий - Алматы немесе Баян-Өлгий - Астана бағытында рейстер ашу мүмкіндігі талқыланды", - деді Ц. Бат-Энх. ҚР көлік және коммуникациялар министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Монғолия әуекомпаниясына Қазақтан өңірлеріне ұшуға рұқсат беруге дайын екендігін білдірді", - деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті