Caravan Logo

Моңғолия халқының 49 пайызы — ер адамдар

Моңғолия халқының 49 пайызы — ер адамдар

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

МОНЦАМЭ ақпарат агенттігінің мәліметінше, 2024 жылы дүниеге келген балалардың 51,45 пайызы ер балалар екені анықталды.

Елдегі ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы — 67 жас, ал Моңғолиядағы қариялардың ең үлкені — 105 жаста. Сонымен қатар, онда еңбекке қабілетті жастағы ерлердің 67,4 пайызы жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, 57 пайыздан астам ер адамдар әртүрлі салаларда басшылық лауазымдарда қызмет атқарады. Олардың көпшілігі тау-кен, құрылыс және көлік салаларында жұмыс істейді.