Моңғолияда этникалық қазақ жоғары қызметке ие болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kaznews.mn басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңадан сайланған Баян-Өлгий аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралының 28 қазан күнгі алғашқы мәжілісінде аймақтың жаңа әкіміне Заңғар Есентайұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия Премьер-Министріне ұсынған болатын.

Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін екі рет аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты әрі аймақтық Демократиялық партия басшысы болған, Самал компаниясының директоры болып жұмыс жасаған Заңғар Есентайұлы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды.