Бас қосуға қатысқандардың пікірінше, "қолданыстағы заңдар монополистерге қуат көздерін үнемдеп, оны сақтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан біздің тарифтеріміз үнемі жоғарлап, бір сарынмен қайталанып отырады: "Жоғары, жоғарлату, одан да жоғарлатуды жасау", деп хабарлайды телеарна.
Монополияға қарсы қызметкерлерінің пайымдауынша, "егер бәрі ойдағыдай өтсе, онда қала қуат көздерінің 30% үнемдей алады. Бұл ақшалай 20 млрд теңгені құрайды".
"Дөңгелек үстелге" қатысқандардың айтуынша, "Жаздың өзінде кейде жылу беріліп, пәтерлерде ауа болмай, адамдар ыстықтайды. Тұрғындар терезелер мен балкондарын ашып, бөлмелерін желдетеді. Сөйтіп, үйден жылуға төленген ақшамен бірге жылу да кетіп жатады".