Сондай-ақ, монополияға қарсы күрес мекемесінің шешімімен 4-маусымнан бастап "Эйр Астана" ЖАҚ билет сату жөнінде барлық туристік агенттіктермен келісім-шарт жасасуға дайын екенін мәлімдеп ресми хабарлама таратуы тиіс. Сол арқылы "Эйр Астана" ЖАҚ-ның қызметін тұтынушыларға бірдей жағдай жасалады.
Сонымен қатар ҚР азаматтық авиация комитеті тарапынан Анталья, Бодрум, Даламан, Измир, Стамбул бағытындағы халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыру құқығын бір ғана "Эйр Астана" ЖАҚ-на беруінің қаншалықты заңды екендігіне қатысты тексеру жұмыстары жалғасуда.