Агенттік ақпаратына сәйкес, заң бойынша, белгілі бір тауар рыногында монополиялық жағдайдағы субьектілер тариф көтеруден 30 күн бұрын монополиялық жағдайда өндірілетін (сатылатын) тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) бағасын қымбаттатыны туралы Агенттікке хабар беріп, бағаны көтеруге негіз болған және оны дәлелдейтін құжаттар мен материалдарды келтіріп, баға көтеруге мекеме келісімін алуы тиіс. "Локомотив" АҚ локомотивті сүйретпе қызметі бойынша осындай реестрге енгізілген.
Алайда, монополияға қарсы күрес мекемесінен хабарлағанындай, "Локомотив" қызмет құнын көтеру жоспары жайында 2004-жылдың 16-шілдесінде ғана хабарлама берген.