Нұртай Лезов, Орал қалалық ІІД аға инспекторы:
- Орташа дәрежеде мас күйінде болған. Енді әкімшілік хаттама толтырылды, біреуі – көлікті мас күйінде басқарғаны үшін, екіншісі – апта орнына кетіп қалғаны үшін.
Оқиға негізі өткен жексенбіде тіркелген. Бірақ тілшілердің талабынан кейін ғана полиция ресми түсінік беріп отыр. Белгілі болғандай, Бірәлиев сол күні моншадан шығыпты. Ащы суды да сол жерде ұрттап шыққан көрінеді. Егер куәгерлер көліктің нөмірін көріп қалмағанда күдікті мүлдем қолға түспеуі де мүмкін екен. Қазір әкім орынбасарының көлігі айып тұрағында тұр. Ал мас шендінің кесірінен өлім құша жаздаған 48 жастағы Күнзада Шағатаеваға күрделі оперция жасалды. Дәрігерлер «ендігі жағдайы жақсы», - дейді. Сондай-ақ бұл апаттан келіншектің 9 және 20 жастағы қос қызы да зардап шеккен. Абырой болғанда олар тек жеңіл жарақат алыпты.