Мопед ұрлаймын деп мерт болды


Оқыс оқиға әл-Фараби даңғылының бойында болған. Болжам бойынша, кәмелет жасына толмаған екі жігіт мопедті ұрлап, бой тасаламақ болыпты. Жылдамдықты шамадан тыс асырса керек, көлік құралын басқара алмаған олар жол ортасындағы дуалға соғылған. Екеуі жедел жәрдем келгенше, сол жерде жан тәсілім етті.