“Мөшекке салып үш күн тауық қораға асып қойды, басыма дәрет сындырды” Әйел күйеуінен көрген сұмдықтарын айтып берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Астарлы ақиқат бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақерке Сатова өзінің ұлын тоғыз жылдан бері таппай жүргенін айтады. Бұрынғы күйеуі Марат Қожамқұлов баланы екі жасында ұрлап кетіп, ізім-ғайып жоқ болған.

"Егер мені айтып полцияға шағымдансаң, бауырларыңды өлтіремін"- деп қорқытты. 

Бұрынғы күйеуі Ақеркені аяғы ауыр кезінде басынан теуіп ұрған,соққыға жыққан, ал босанған соң балаңды бересің де, өзің кетесің деп қорқытқан. Келіншектің айтуынша бұрынғы күйеуі өзіне адам төзгісіз сұмдықтарды көрсеткен.

Әбден қорқып қалған келіншек, экс-күйеуі өзін мөшекке салып тауық қораға аяқ қолын байлап, 3 күн бойы асып қойған кездері болғанын айтады. Онымен қоймай Мараттың інісі келіп Ақеркенің басына үлкен дәрет сындырыпты. Ал қайн енесі төрт айлық немересін бесікпен бірге лақтырып жіберген көрінеді. Бұл оқиғаның бәрін Ақерке тек қорқынышпен еске алды.

Ал Марат Қожамқұловтың айтуынша, ол баланы ұрламаған, оған енесі яғни Ақеркенің анасы өз қолымен беріп жіберді дейді. Алайда Ақерке бұл сөзді жоққа шығарып, ұрлап кеткендігін айтады.


Ал бала тірі ме? Ол анасына беріледі ме? Маратқа қандай жаза беріледі немесе келісімге келеді ме? Баланың тағдыры не болады? Оны алдағы уақытта білетін боламыз.