"Moskva" сауда орталығының жұмысы тоқтады

Сауда орталығының жабылуы өртке қарсы ережелерді ұстанбағандықтан себеп болды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Іс сауда орталығының аппеляциясына байланысты қаралды. Бұған дейін сот орталықтың жұмысын тоқтату жайлы шешім қабылдаған. Алайда жауап беруші тарап соттың шешімімен келіспей, шағым түсірген.

Аппеляция коллегиясы бастапқы шешімін өзгертпей, сауда орталығын тоқтату өз күшінде қалды.


Сауда орталығының әкімшілігі бұзған алты ереженің бесеуін қалыпқа келтірген. Дегенмен сот оған қарамастан шешімі өзгеріссіз қалды.