Мосулды азат ету кезінде 2 мыңға жуық Ирак жауынгері қаза тапты


Соңғы бір ай ішінде Мосул қаласын азат етуге аттанған Ирактың мың тоғыз жүз елу жауынгері лаңкестер қолынан қаза тапты, деп хабарлады 24.кз.  Мұндай статистикалық мәліметті Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялады. Ақпараттарға қарағанда бұл қазан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда үш есеге артық. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар арасындағы шығын да біршама өскен. Соңғы мәліметтерге қарағанда Мосул қаласын азат ету операциясы басталғалы 926 бейбіт тұрғын мерт болып, мыңға жуығы жарақат алған. Халықаралық Ұйымның Ирактағы арнайы өкілінің айтуынша содырлар соғыста жанкештілік көрсетіп, жергілікті тұрғындарды тірі қалқан ретінде пайдаланды.