Британдық танымал рок-музыкант Лемми Килмистер 70 жасында обырдан қаза болды, деп жазды сейсенбіде Facebook парақшасында оның Motorhead тобы.
"Біздің асыл досымыз Лемми бүгін қатерлі ісік аурының аса агрессивті түрінен қаза болды, Ол ауруы туралы 26-желтоқсан күні ғана отбасымен үйде видеоойын ойнап отырған кезінде білген», делінген онда.
Л.Килмистер - бас-гитарашы әрі вокалшы. 1970 жылдары Hawkwind тобына қатысқан. Сосын музыкант Motorhead тобын құрған.