Әлеуметтік желіге тарап кеткен МС Сайлаубектің ішіп жүргені туралы видео бұдан әлдеқайда бұрын түсірілген болып шықты. Бұл туралы Caravan.kz тілшісіне әншінің продюсері Аслан Бақытжанов хабарлады.
Продюсердің айтуынша, Сайлаубектің мас болып жүрген видеосын әлдебіреулер арандату үшін қасақана ұйымдастырған. Әншіні әдейі мас қылып ішкізген немесе ішіп алған кезін пайдаланған көрінеді.
- Видео шамамен қашан түсірілген?
- Бір ай бұрын.
- Бұл бойынша сотқа беріп, шағымданып көрдіңіздер ме?
- Видеоны ең бірінші Muzzone арнасына шығарған, сосын YouTube видео хастингіне жүктеген. Мен оны алып тастағанмын негізі. Бірақ инстаграммға шығып кетті, сөйтіп тарап кетті. Ал басында Muzzone алмаса сотқа беремін деп ескерттім, олар алып тастады.
- Ал қазір Сайлаубек мырзаның жағдайы қалай?
- Бәрі жақсы, қазір қасымда. Шығармашылықпен айналысып жатырмыз. Дайындық жұмыстармыз өз орнымен жүріп жатыр.
- Жуық арада концерт беру жоспарда бар ма?
- Иә, ақпан айының 15-сі мен 20 аралығында Тараз қаласында концерт береміз. Қазір соған дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
"Ал Сайлаубек продюсерімен ақша үшін сөзге келіп қалғандықтан бөлек кеткен, қазір ән айтпайды әрі қайтадан ішкілікке салынып жүр деген әңгімелер бос сөз" дейді Аслан Бақытжанов.