Бұл туралы 31 арнаның «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасында айтылды.
МС Сайлаубектің продюсері Бақытжан Жүнісбеков мұның әзіл әкенін атап өтті: «Ол қызбен жүрмеген Сәке, ол қызды танымайды. Сол күні бірінші рет кездескен болатын», – деп атап өтті.
Ал рэпердің өзі роликке түскен Қымбат есімді аруды қатты ұнатып қалғанын айтты.
«Ойыннан от шығады» деп айтады ғой. От шығайын деп тұр алаулап. Алматыда да бір қыз бар еді. Сол екеуі соқтығысып қалмаса болар еді», – деп қалжыңға айналдырды МС Сайлаубек.
Продюсерінің айтуынша, рэперге хабарласып, көңіл жарастыруға ұсыныс жасайтын нәзік жандылардың қатары күн санап артып келеді екен.
Айтпақшы, қазақстандық рэпер жуырда Қытай стадионында 10 мың көрерменнің алдында ән айтқан.