МТҚ Қазақстанда интернет неге баяу істеп тұрғанын айтты

Мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері интернеттегі ақау қайдан шыққанын айтты, - деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бүгін таңертең Қазнетке ауқымды кибершабуыл жасалды. Бұл жағдай елдің барлық аймағындағы интернет жұмысына әсер етеді", - деді МТҚ өкілдері.

Қазір МТҚ техникалық мамандары қатерлерді жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда интернет дұрыс істемей жатқаны хабарланған болатын.