«Ливия үкіметі жемқорлық қылмысқа қатысы бар деп айыпталған С.Каддафиді халықаралық стандарттарға сәйкес соттауға уәде береді», - деп хабарлайды Ливия билігі.
С.Каддафи әкесі билік құрған тұста жерлерді заңсыз басып алды деп айыпталып отыр.
Бұрынғы футболшы, саясаткер әрі бизнесмен С.Каддафи 2011 жылғы наразылықтар кезінде Нигерге барып бас сауғалаған болатын.
Қазір Ливияда оның ағасы Сейф әл-Исламға қатысты сот процесі жүріп жатыр. М.Каддафидің тағы екі баласы 2011 жылы көз жұмды.
М.Каддафидің зайыбы Сафия Оманнан саяси баспана алды.