Бұл жақында Астана көшелерімен тайраңдаған трансвестит. Не еркек, не әйел екенін ажырату қиын. Интернетте де сызылып сөйлеп, қыздың көйлегін киген соқталдай жігіттердің видеосынан көз сүрінеді.
-Не болды түнде?
-Түнен шыққам.
-Сен де жұмыс істейсің ба ?
-Әрине.
Еркегі мен еркегі, қызы мен қызы аймаласып жататын жын-ойнақтар соңғы кезде өздерін ашық жарнамалай бастады. Бір Астананың өзінде «көгілдір» мен «лесбилерге» арналған 10-ға жуық түнгі клуб бар екен. Десе де қызтекелердің негізгі бөлігі Алматыда да шоғырланған.
Заманның озғанынан, адамның тозғанынан пайда болған осындай азғындарға тоқтам болмай тұр. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жынысын ауыстырған гомосексуалистерге қатысты қатаң пәтуә шығарды. Мұндай сорақы іс Жаратушының жаратылысына қарсы шығу. Шайтанның жетегінде кеткендерді имамдар енді дін арқылы түзу жолға салмақ ойда.
Бауыржан Әбдуәлі, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы:
-Жыныстық мүшені ауыстыру ол Алла Тағаланың жаратқан жаратылысын өзгерткенмен тең. Алла Сүбһаналла Тағала мұндай өзгертулерді харам еткен. Себебі, ол шайтан Ібілістің діттеген мақсатына кіреді. Қолдан ұрықтандыру мәселесіне келсек. Ерлі-зайыптылардан тыс, өзге үшінші жақ некесіз жұп қосылатын болса, онда шариғатымызда оған тыйым салынады.
Өз болмысынан жерінгендердің шариғатты ұстана қоюы екі талай әрине. Күн сайын көбейіп, арамызда осылай қымсынбай жүргендерге не заң бойынша шектеу жоқ. Бұдан бөлек, имамдар жасанды ұрықтандыруға тоқтатуды ұсынғанымен, дәрігерлер мұны қолдаған жоқ.
Вячеслав Локшин, Репродуктивті медицина қауымдастығының президенті:
-Біз зайырлы қоғамда өмір сүргендіктен дінге емес, заңға бағынамыз. Ал, заңда некеге тұрған ерлі-зайыптылар, тұрмысқа шықпаған жалғыз басты әйелдерге жасанды ұрықтандыруды жасай береміз.
Имамдар бұдан бөлек, жәй ғана азаматтық некеге тұрған отбасылар үшін жасанды ұрықтандыруды тоқтату керек деп отыр. Діни басқарманың айтуынша, бұл зина жасаумен тең. Сондықтан бала сүйе алмай жүргендер медицинаның көмегіне жүгінбес бұрын, заң бойынша некеге тұрып ерлі зайыпты атануы керек.
Loading...