Мүгедек балаларды сауықтыру бағдарламасын жүзеге асыруға 25 млрд. теңге бөлінеді



"Қазіргі жағдаймен елімізде 18 интернат-үйде 2500 мүгедек бала мемлекеттің бағым-күтіміне алынған. Жалпы Қазақстан бойынша 47 мың мүгедек бала бар",- деді Т.Дүйсенова.
Оның хабарлауынша, "2000-жылдың аяғына дейін бюджеттен бір мүгедек баланы асырауға айына 7-8 мың теңге бөлініп келсе, қазір бұл қаржының көлемі 20-30 мың теңгеге жетті".
Сонымен бірге дөңгелек үстелде "мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді сауықтыру бағдарламасының" жобасы қаралды.
"Бағдарлама мүгедек балаларды тіршілікте айрықша қажетті әрі әлеуметтік маңызды икем-дағдыларға машықтандыру әрекеттері негіз етіп алынған. Бұл бағдарлама даму барысы ауыр ақауға ұшыраған балаларға танымдық процестер деңгейін жетілдіруге қолұшын береді",- деді вице-министр.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті