12 жасар Дияр осыдан төрт жыл бұрын ғана аяғынан тұрыпты. Қазір енді аттың құлағында ойнатын болған. Езулері жиылмай жүрген бұл балалардың барлығы мүгедек. Сал ауруына шалдыққандықтан көбі жүре де алмайды. Арасында екі аяғын аязға үсітіп, тобықсыз қалғандары тағы бар.
Атқа отырған адамның барлық дене мүшесі шынығады. Мұндай жаттығу кез-келген науқасқа өте пайдалы. «Ипотерапия» деп аталатын емнің бұл түрімен кемтар балалар бұрын да айналысатын. Тек оны кез-келгенінің қалтасы көтермейтін. Интернатта тәрбиленіп жатқан мына жеткіншектерді енді тәртіп сақшылары тегін емдеуде.
Өз қарамағындағы жануарлардың мінез-құлқын жақсы білетін тәртіп сақшылары енді тәлімгер болып істейді. Балалар үшін олар ең жуас жылқыларды таңдапты.
Жақсылық Қожалдақов, полиция сержанты:
- Аттың ер тоқымын әдейі атып тастаймыз. Баланың аяғы жылқының денесіне тиіп тұру керек. Сонда емнің бұл түрі пайдалы болады.
Сырқат балалар мұнда аптасына үш рет келеді екен. Емдеу шаралары көктемге дейін жалғаспақ. Одан соң кавалериялық взвод өзінің тікелей міндеті – көшедегі қауіпсіздікті сақтаумен айналысатын болады.