Ақтөбеде әскери кафедраның бұрынғы бастығы өтемақысын даулап жүр. “Әскери міндетті орындау кезінде мүгедек атандым” деген ол Қорғаныс Министрлігінен 4 млн теңгеге жуық қаржы талап етуде.Бұл туралы kerek-info.kz хабарлады.
Ақтөбелік Аркадий Темкин Қазақстанның Қарулы күштерінде келісімшарт бойынша әскери міндетін атқарған. Еңбек стажы 38 жылдан асады. Соңғы 16 жылында ер адам М.Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университетінің әскери кафедрасын басқарған. Алайда 2013 жылы полковник шеніндегі әскери қызметкер денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметтен запасқа шығарылыпты. Осыдан кейін ол емделуге мәжбүр болған. Екінші топтағы мүгедек атанған әскери қызметкер бір жолғы өтемақы талап етуде. Ол Қорғаныс Министрлігінен 3 млн 790 мың теңге өтемақы талап етіп отыр.
Азаматтық шағым 14 қараша күні қалалық сотта қаралды. Алайда шағымданушы әскери қызметкер болғандықтан, іс әскери соттың қарауына жіберілді