Мүгедек қызды зорлаған Алматы тұрғыны 11 жылға бас бостандығынан айырылды

ҚР ҚК-нің 120-бабы 3-бөлігі 3-тармағы, 121-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен айыпталған Р. азаматына қатысты қылмыстық ісі қаралып аяқталды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.

Сот үкіміне сәйкес Р. ауласында ойнап жүрген кәмелетке толмаған 1998 ж. туылған, мүгедек  К.-ны өзінің пәтеріне шақырып, кіргізіп алып, жәбірленушіге күш қолдана көрінеу кәмелет жасқа толмаған К.-ның дәрменсіз күйін пайдаланып, оған қатысты жыныстық қатынас пен өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған.

Сот үкімімен Р. азаматы  ҚР ҚК-нің 120-бабы 3-бөлігі 3-тармағы, 121-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған аталған баппен ҚР ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес білім беру және тәрбиелеу қызметімен айналысу құқығынан 5 жылға айыра отырып 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді.