Мүгедектер ұйымы Мәжіліс сайлауына қатысқысы келеді

Себебі олар Мәжіліс және Мәслихат сайлауына қатысып, халық қалаулысы атануға үмітті. Мүгедектер туралы конвенцияға сай мүмкіндігі шектеулі жандар Үкіметтің, заң шығарушы органдардың жұмысына белсене қатысуға құқығы бар дейді жиналғандар. Сондықтан депутаттық мандат бұйырып жатса, Мәжіліс мінберінен мүгедектер мәселесін көтеруге мүдделі. Ол үшін еліміздегі саяси партиялардан мүмкіндігі шектеулі жандарды сайлау тізіміне қосуды сұрап отыр.  

Әли Аманбаев, Қазақстан мүгедектер ұйымдары одағының төрағасы:

-Саяси науқанның саяси мәні болады. Саяси жоба болады. Өйткені бұдан тек қана пайда табады. Мысалы бес пайыз болса партиялар 5-6 орын алады. Егер мүгедектер қоғамын қатыстырып солардың дауысын алса, бес пайызды еркін алады. 

Loading...