Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Себебі, кеше қалада «Жол - жалпыға ортақ!» атты арнайы рейд басталды. Сондықтан полицейлер қоғамдық орындар мен сауда орталықтарын аралап, ереже бұзғандарды жаппай жазалауға көшті. Мәселен, Алатау ауданындағы мына сауда орталығының алдында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оншақты орын қарастырылған. Алайда оған дені сау азаматтар да көлігін қойып кетеді екен. Сондықтан сақшылар бар болғаны жарты сағаттың ішінде жеті жүргізушіге хаттама толтырды. Енді мүгедектер орнын иемденгендердің әрқайсысы 100 мың теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс. Қомақты қаржы төлегісі келмегендер сақшылармен дауласып әлек.