Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Видео Insatagram-дағы Qazaq.jerinde парақшасында жарияланды. Оқиға жаңа жыл қарсаңында болған. Мектепте болған оғаш оқиғадан соң білім басқармасы осы білім ошағының директорын орнынан алып тастаған.
Кейін оқушылардың ата-аналары бұл келеңсіз жайтқа мектеп директоры кінәлі емес деп білім басқармасына арыз жазды. Жазылған арызда ата-аналар мектеп директорына тосынсый жасау үшін Аяз атаны өздері жалдағанын түсіндіреді. Олар жалдамалы Аяз атаның аяқ астынан эротикалық би билеп кететінін тіпті сезбей қалған.
"2021 жылы 28 желтоқсанда "2 б" сыныбының тәрбие сағаты аяқталғаннан кейін сынып жетекшісі З.Р. Абдуллаева мектеп ауласында күтіп тұрған ата-аналарға оқушыларды табыстау мақсатында бірге шыққан. Осы сәтте ана-аналар мектеп директорына, әкімшілігіне сынып жетекшісіне еш ескертпестен оқушыларға тосынсый жасау мақсатында театрланған шоу ұйымдастырған. Ата-аналар жалдап алған Аяз ата күтпеген жерден шапанының ішінен киген жасанды адам денесін көрсетіп, билейді", —
деп жазылған арызда.
Естеріңізге сала кетейік, видеоның толық нұсқасын осы сілтеме арқылы көре аласыздар!