«Педагог мәртебесі арттыру арқылы мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптар да күшеймек. Сондықтан заң жобасына сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап университет түлектері педагог біліктілігіне сәйкестігін растайтын болады. Сонымен қатар қолданыстағы шектеулерден басқа психикалық және мінез-құлықтық ауытқуы бар, әрекетке жарамсыздығына байланысты дәрігердің бақылауында тұрған адамдарды педагог қызметімен айналысуға тыйым салынады», - деді Асхат Аймағамбетов.
Оның атап өтуінше, мұнан бөлек қосымша заң жобасында жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша коммерциялық емес ұйымдарды енгізу, Президенттің құзіреттілігінен ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау жөніндегі өкілеттіктерді Үкіметке беру және басқа да шаралар көзделді.