Мұғалім сабақ үстінде босанып, сәбиін сөмкеге салып алған

Бұл туралы Tengrinews "Башинформ"-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылым дереккөзінің мәліметінше, әйел адам қансырап жатқан. Ол мектептің әжетханасында босаныпты. Әзірше расталмаған мәлімет бойынша, шақалақ өлі туған, оның денесін мұғалім сөмкесіне салып алған екен. Оны оқиға орнынан жедел жәрдем алып кеткен. 

Қазіргі уақытта әйел ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Әйелдің босанғанын дәрігерлер зерттеуден кейін ғана білген. Содан кейін ғана сәбиді іздеп, оның денесін науқастың сөмкесінен тапқан. 

Әйелдің үш баласы бар болып шықты, алайда оның неліктен төртінші жүктілігі бойынша есепке тұрмағаны белгіісіз қалып отыр. Жергілікті тергеу органдары оқиғаға байланысты тексеріс бастады. Сәбидің өлім себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды.