Қала әкімшілігі бұл жағдайды тексеріп, шара қолданатынын айтқан.«Бұл жағдай тексеріліп, кінәлілер міндетті түрде жазалануы керек», - деді қала басшысы Владимир Соваренко.
Осы жағдайдан кейін мектеп әкімшілігі мұғалімді жұмыстан шығарып жіберген. Бұл туралы Readovka порталы жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Ресейде бұған ұқсас жағдай оның алдында да болған. Иркутск облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балалардың бірінің аузын скотчтап тастағаны хабарланған-ды. Тәрбиеші ол баланың суретін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.