Мұғалімдер күні: Үкімет қаулы қабылдады

Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі атап өтілетін күн бекітілді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

5 қазанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні аталып өтіледі. Қаулыны Үкімет қабылдады.

"Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазанның бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден аса елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді", - делінген Үкімет сайтында.

"Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі", - делінген хабарламада.