Мұғалімдерді аттестаттау тәсілдерін өзгерту қажет - Э.Суханбердиева

«Пән мұғалімдерінің біліктілік деңгейіне талап жүйесінің маңызы зор. Мұғалімдерді аттестаттау тәсілдерін өзгерту қажет», - деп ол бүгін ұстаздардың тамыздық кеңесінде мәлімдеді.

Елордалық басқарма басшысы педагогтар әрбір бес жыл сайын аттестациядан өтуі тиіс. «Төрт жыл өткен соң ол портфолио дайындап, онда өткен бес жылдағы білім сапасының шынайы нәтижелерінен өзге барлық жетістіктерін көрсетуі тиіс. Бұл әділетті емес», - дейді Э.Суханбердиева.

Оның пікірінше, мұғалім әрбір оқу жылы үшін өз жұмыс сапасының шынайы нәтижесі бойынша аттестаттан өтуі тиіс. «Бүкіл әлемде мамандар кәсіби жарамдылыққа үнемі емтихан тапсырады. Білім саласында ғана мұғалімнің дипломы мен жұмыс өтілі болса бітті, жоғары деңгей маман деп жаңсақ санайды. Бұлай шатасу бізге қатты қолбайлау болады», - дейді ол.

«Мұғалімдерді қайта даярлықтан өткізуге қомақты ақша бөлінеді, ал білім беру ұйымдарында өз пәнін жетік білмейтін және жұмыс сапасы нашар мыңдаған маман жұмыс істейді. Бірақ біз мұның бәріне мұғалімді кінәламауымыз қажет, бұл жалпы білім беру жүйесінің проблемасы», - дейді басқарма басшысы.