Мұғалімдердің жалақысы қалай өзгерді

Қазақстанда 2012 жылдан 2016 жылға дейін мұғалімдердің жалақысының орташа көлемі 67 900 теңгеден 99 100 теңгеге дейін өсті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасында айтылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Мұғалім мамандығына деген сұраныс жалақы мөлшеріне қарай анықталатынын жақсы түсінеміз. Біздің министрлік педагогтар кірісін көтеруге барынша тырысып келеді. Әрине, мұғалімнің жалақысына оның білім санаты, жұмыс өтілі, оқу жүктемесі секілді жәйттер да әсер ететіні сөзсіз", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше,  2012-2016 жылдар аралығында мұғалімдер 45,9 пайызға артық ақы ала бастады. Жалақының өсу қарқынына тоқталар болсақ, 2012 жыл мен 2015 жыл аралығында қазақстандық педагогтардың айлығы 2-7 пайызға, ал 2016 жылы 31,8 пайызға артты.