Мұғалімін балағаттаған оқушының ата-анасына айыппұл салынды


БҚО сотының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Орал қаласындағы мектептердің бірінде Б. есімді оқушы мұғалім Д-ның сабағында құлаққап киіп, музыка тыңдап отырған. Сонымен қатар Б. сабаққа дайындықсыз, ешбір оқу құралдарынсыз келген.

Мұғалімнің ескертуіне құлақ аспай, дөрекілік танытып, балағат сөз айтқан. Тәртіпсіз оқушыға шара қолдану үшін мұғалім полиция бөлімшесіне жүгінуге мәжбүр болып, оның заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттама рәсімделген. Мұғалімнің полиция бөлімшесіне жүгінгеніне қарамастан, сотта істің қаралуына дейін  не оқушы, не оның ата-анасы болған жайтқа қатысты кешірім сұрамаған.