Caravan Logo

Мұхаммед Әли исламды қорғап, Дональд Трампқа сырттай жауап қатты

Мұхаммед Әли исламды қорғап, Дональд Трампқа сырттай жауап қатты

"Біз мұсылмандар ретінде исламды өз саяси мүдделерінің алға жылжуы үшін пайдаланатындарға қарсы тұра білуіміз қажет", - деді 72 жастағы спортшы.

Мұхаммед Әли зорлық-зомбылық мұсылман қағидаттарына қайшы екенін, ал саяси көшбасшылар халыққа исламның мәнін түсіндіруі тиіс екенін атап өтті.

Спортшы АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салуды ұсынған республикалық партия мүшесі Дональд Трамп есімін атаған жоқ, деп хабарлады Би-би-си.