Мұхаммед Әлиді ақтық сапарға шығарып салуға сан мыңдаған адам келді

Атақты боксшы өткен аптада 74 жасында Паркинсон дерті салдарынан ажал құшты.

Спортшымен оның туған қаласында қоштасты. Бұл жерде оның спорттық жолындағы алғашқы кәсіби матч 1960 жылы өтті, деп жазды golos-ameriki.ru.

Жанкүйерлері Алиді исламның нағыз өкілі деп санады. Өйткені ол түрлі діндер арасындағы әрдайым бейбітшілік пен сабырлықты қолдаған.