Құндыз елді-мекеніндегі Қала-е-Зал ауданын он күн бұрын содырлар басып алған. Жергілікті «Арбаки» тобының лидерлерінің бірі командир Мұхаммет Неби шабуыл 16 мамыр күні таңертең басталды деп хабарлады.
«Қала-е-Залда тәлібтер өте көп жазықсыз адамды өлтірді. Олар бәрін жайратып салды. Жастар олардың құрбандары болып жатыр. Егер олар қарулы адамды ұстап алса, аяусыз азаптайды. Үйлерін тонайды. Тәлібтер көпірлерді, мектептерді бұзып, мұсылмандарды өлтіріп жатыр», - деді Мұхаммет Неби.
Ол ауған армиясына қарсы топтардың ішінде көптеген шетел өкілдерінің соғысып жүргенін атап өтті. «Олардың арасында Өзбекстаннан, Тәжікстаннан келгендер бар, шешендер, қазақтар да бар», - деді Мұхаммет Неби.
808-полиция аймағы қолбасшысының баспасөз хатшысы Махфузулло Акбари 16 мамырда үш сағатқа созылған соғыста Тәжікстанмен шекаралас Құндыз елді-мекеніндегі уезді содырлардан босатып алғанын хабарлады. Уезді тәлібтер 6 мамырда басып алған.