Мұхит Тұрсынов «Қазақстан Барысы-2014» жеңімпазы атанды

Ақтық сында Қарағанды облысының өкiлi Асыл Бәрменов пенШығыс Қазақстан намысын қорғаған Мұхит Тұрсынов белдескен болатын.

Мұнда екi палуан да бiрiн-бiрi ала алмай, негiзгi уақытты итжығыспен аяқтаған. «Қазақстан Барысы-2014» турнирінде қарағандылық Асыл Бәрменов күміс белбеу иегері атанды. Оған 30 мың АҚШ доллары, ал бапкері Сұлтан Тынысбаевқа 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық берілді.

Қосымша минут белгiленген соң, қарсыластар қоян-қолтық сайысқа түстi. Ол белдесуде шығысқазақстандық Мұхит Тұрсынов өз қарсыласын белдiгiнен көтерiп алып, алаң сыртына шығарып жiбердi. 

Қола жүлде "Сыр барысы" Руслан Әбдiразақовқа бұйырды. Қызылордалық Руслан Әбдіразақов пен жамбылдық Дәулетхан Жақыпов өзара бәсекеге түскен еді. Бұл додада 2013 жылғы «Қазақстан Барысынан» басым түскенімен, жартылай финалда Мұхит Тұрсыновқа жол берген Р.Әбдіразақов Жақыповтан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді



Үшiншi орын үшiн таласта ол "Талас арланы" Дәулетхан Жақыповты (Жамбыл облысы) тiзе бүктiрдi. Дегенмен Дәулетхан Жақыпов көрермен көзайымына айналып, су жаңа автокөлiкке ие болды.

Айта кетейiк, "Қазақстан Барысы" атағының иегерi 150 мың АҚШ долларын және алтын "Тайтұяқ" ұтып алды.

Сонымен Шығыс Барысы - Қазақстан Барысына айналды. Алтын белбеу иегері - Мұхит Тұрсынов.