Мухоряповқа қатысты сот сараптамасы тағайындалды – Әсет Шындалиев

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мухоряповтың қазақ тілін қорлаған әрекетіне байланысты сот қандай шешім шығаратын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Taulik.kz-ке сілтеме жасап. 

«Менің хабарым бойынша, Алматының ішкі істер департаменті осы іс бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру аясында арнайы сот сараптамасы тағайындалды. Сол сараптаманың қорытындысы бойынша шешім қабылданады», – деді Әсет Шындалиев.

Прокурордың орынбасары жеке тұлға ретінде Мухоряповтың әрекетіне қатысты өз көзқарасын білдіруден бас тартты.