Мұхтар Әбіләзовті Ресейге ғана экстрадициялауы ықтимал

Бұл туралы бүгін Астанада ТМД мемлекетаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінде РФ Бас прокуроры Юрий Чайка мәлім етті.

«Оны экстрадициялайтын болса, тек РФ-ке ғана береді. Біз көп іс атқардық, барлық сот инстанцияларынан өттік, Франция біздің ұстанымымызды қолдады - Мұхтар Әбіләзов Ресей Федерациясына экстрадициялануы керек», - деп атап өтті журналистерге берген сұхбатында.

«Біздің бұл ұстанымымызды Франция үкіметі де қолдап отыр. Мемлекеттік кеңес деңгейінде саяси шешім жасалуы тиіс. Егер ондай шешім жасалып жатса, онда ол Ресейге беріледі. Ол РФ аумағында қылмыс жасады, РФ қаражаттарына қол сұқты, бірнеше миллиард долларды жымқырды, сондықтан егер экстрадицияланса, оған бірнеше айыптар тағылады», - дейді Ю.Чайка.