Мұхтар Әбләзов елге қайтарылуы мүмкін


Иоган Меркель, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

-Бұрын қашқындарды қайтару мүмкін болмады. Қазір біртіндеп алдырып жатырмыз. Жақында Германия берді, Испаниядан Павловты экстрадициялаймыз. Әблязовқа қатысты да сұрақ қарастырылуда. Істе әйтеуір алға жылжу бар.

Әблязовтың былтырдан бері Франция түрмесінде жатқанын айта кетейік. Салымшыларының миллиардтарын ұрлап, шекара асқан сол олигархты Қазақстаннан бөлек Ресей мен Украина өз елдерінде соттау үшін сұратқан болатын. Ал өткен жұмада Лион соты БТА Банкінің экс-төрағасынан көбірек зиян шеккен Ресей деп, осы елге экстрадициялауға санкция берді. Енді еліміздің құқық қорғау орындары Мұхтар Әблязовты Ресей арқылы елге қайтарудың  қамына кірісіп жатыр.