Мұхтар Әблязов Франция түрмесінде қала береді


Мұхтар Әблязовтың жасаған былықтарын майшаммен қарайтын алғашқы сот отырысы 5 желтоқсанда Экс-ан-Прованс қаласында өтеді. Сол жерде қыруар қаржыны қымқырған қаржыгерді Қазақстанға, Ресейге немесе Украинаға экстрадициялау мәселесі де қаралмақ. Алайда қазақ жерінде қылған қылмыстарына жауап беруі тиіс банкир тікелей біздің елге жіберілмейді. Өйткені Франциямен арада қажетті келісім-шарт жоқ. Ал Әблязовты жазалауға білек түрген үш елдің ішінде әзірге Украина ғана сотқа экстрадицияға қажетті барлық құжаттарды түгендеп жіберіп үлгерген.