Мұхтар Әблязовты Франция ешкімге бермейтін болып шешті


Алайда адвокаттарының апелляциялық шағымынан кейін кассациялық сот алдынғы шешімнің күшін жойды. Енді істі Лион соты қайта қарауы тиіс. Сол соттың шешіміне қарай, яғни экстрадицияланбайтын болса Әблязов Франциядан саяси баспана да сұрап қалуы мүмкін. Экс-банкирдің адвокаттары осындай мәлімдеме жасап отыр. Естеріңізге салсақ, Әблязов былтыр шілде айында құрықталған болатын. Отанында БТА банкінің бұрынғы төрағасы салымшылары сеніп тапсырған 6 млрд долларды қолды қылды деп айыпталуда. Сондай-ақ экс-банкир Ресей мен Украинада да ірі қаржылық құйтырқы әрекеттерге барып, із суытқан.