Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 86-маусымын аяқтады

Өнер ұжымы бұл маусымда өз көрермендеріне «Империядағы кеш», «Қыз мұңы», «Жаужүрек», «Тендерге түскен келіншек», «Жынойнақ», «Қилы заман», «Мен ішпеген у бар ма?» деп аталатын жаңа туындыларын ұсынған болатын. Театр айына 30-дан астам қойылым қоятын еліміздегі бірден-бір өнер ордасы.

Театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі Есмұхан Обаевтың айтуынша, алдағы 87-маусымға дайындықты ерте бастап кеткен олар қазір бірнеше пьесамен жұмыс жасауда. Оның ішінде Төлен Әбдіковтің «Ардагер» және Антон Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу», Әубәкір Рахимовтың «Шәкәрім» қойылымдары бар.