«Қазақтың арғы-бергі тарихында ұлы тұлғалар жетерлік. Бірақ, солардың ішіндегі ең дарасы әрі құрметтісі - Абылай хан бабамыз. Абылай болмағанда қазақ тарихы мүлдем басқаша қалыптасар еді, яғни біз ұлт болып қалар ма едік немесе қалмас па едік?!», - деп тоқталды М. Шаханов.
Осы орайда ол Абылай ханға өзгеше құрмет көрсету қажет екенін, сондай-ақ ЮНЕСКО деңгейінде тойлау керектігін айтып өтті.
«Сондықтан ЮНЕСКО жағына осындай өтініш жасап, осылайша қазақ тарихына бүкіл әлемнің назарын аударамыз. Атап айтқанда, Абылай ханның ерекшеліктері өте көп», - деді ақын.