Мұхтар Тайжан Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы: “Өте ақ көңіл, қазақи кісі”

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Достар, мен Арыстанбек Мұхамедиұлын жеке жақсы танимын. Үйінде қонақ болдым, дастархандас болдым, отбасын білем, балаларын көрдім. Өте қазақи кісі, қазақи отбасы, өзі де ақ көңіл адам. Кездескенде қазақтың тарихы туралы көп әңгіме құрғанбыз.

Жеке қарым қатынасқа қарамастан Заңның алдында бәріміз тең болуы тиіспіз, ол менің қағидам, білесіздер. Дос болсын, туыс болсын - әр ҚР азаматы Заңның алдында бірдей.


Менің Арыкеңе бүгінгі таңда тілегім - жансақтау бөлімінен аман есен шықсын. Сосын соттың алдында өзі ақ екенін дәлелдей алсын", - деп жазды ол.