Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды

Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, - деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Ал Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Әлібек Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.