"Мүлдем араласпаймыз": Сиви Махмуди экс-күйеуі жайлы айтты

Сөзінше, бүгінде ол балаларының әкесімен мүлдем араласпайды, деп жазады Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Балаларының әкесін сұраған жандарға Сиви:

"Білмедім, мүлдем араласпаймыз, сөйлеспегелі өте көп болды, шыны керек. Кеткен адам өміріңнен түбегейлі кету керек. Басында кездесіп, сөйлесіп тұратынбыз. Бірақ ол дұрыс емес екенін түсіндім", - деп жауап берді.

Сондай-ақ, өнер иесі отбасын өз еркімен бұзғанын атап өтті.


"Мені ешкім тастап кеткен жоқ. Өзімнің қалауым болды", - деді ол.

Желі қолданушылары екеуінің ажырасуына қызғаныш себеп болды деп болжады. Осы ретте Махмуди болашақ жұбайының қызғаншақ болғанын қаламайтынын жеткізді.

"Өткен шақты қайтеміз қозғап. Болашақ жолдасымның қызғаншақ болғанын қаламаймын", - деді ол.