«Мүлдем кінәлі емеспін»: Астанада танымал депутат Дәулет Мұқаев жарнамалаған үйден шу шықты

Су жаңа тұрғын-үй кешеніндегі пәтер иелері баспананың тым сапасыз салынғанына шағымданып, депутаттан аталған жайтқа қатысты жауап беруін талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Белгілі болғандай, Bai-Tursyn және View Park Family тұрғын үй кешендерінің тұрғындары үйдің бастапқы жоба бойынша салынбағанына наразылық білдірген. Сондай-ақ олар пайдалануға беру актілерінде коммуналдық қызметкерлердің қолдары мен мөрлері жалған болғанын айтқан.

Депутат Дәулет Мұқаев жарнамалаған үйден пәтер алған тұрғындар, баспананы мәжіліс депутатының сөзіне сеніп алғандарын атап өткен.

Депутаттың өзі болса, аталған жайтқа қатысты келесідегідей түсініктеме берген.


«Істі сот шешеді. Менің таныстарым да, туыстарым да Bai-Tursyn-да тұрады. Бұл екі жақтың келіспеушілігі, мен мұнда мүлдем кінәлі емеспін. Оларды депутат болғанға дейін жарнамаладық. Жеңілдіктер болды, біздің команданың жігіттері де сол жерден үй алды. Ол кезде пәтердің шаршы метрі 250 теңгеден болған», - деп жауап берген ол.